Қазақстан Республикасында такси арқылы жолаушылар мен багаж тасымалдау қызметін бастау және тоқтату үшін міндетті хабарлама беру тәртібі енгізілген. Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына сәйкес, такси тасымалдаушысы қызметін бастамас бұрын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар уәкілетті мемлекеттік органға elicense.kz порталы арқылы хабарлама жолдауға міндетті.
Заңнама талаптарын өзектендіру аясында хабарлама беру тәртібі өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға да қолданылды. Осылайша, такси арқылы жолаушылар мен багаж тасымалдау қызметін жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар басқа кәсіпкерлік субъектілерімен тең дәрежеде қызметті бастау туралы хабарлама жолдауға міндетті.
Қызметті бастау туралы хабарлама интернет-платформалар мен мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істейтін тұлғаларды қоса алғанда жеңіл автокөлікпен жолаушылар мен багажды нақты тасымалдауды жүзеге асыратын барлық тұлғалармен берілуі тиіс. Бұл ретте тасымалдауды өз бетінше жүзеге асырмай, тек көлік құралын жалға беретін тұлғалар тасымалдаушы деп танылмайды және аталған талаптың қолданылу аясына кірмейді.
Такси тасымалдаушысы ретіндегі қызмет тоқтатылған жағдайда өтініш беруші қызметті тоқтату туралы хабарлама да жолдауға міндетті. Мұндай хабарламаны жолдау мемлекеттік тізілімнен мәліметтерді алып тастау және ықтимал құқықтық әрі әкімшілік салдардың алдын алу үшін қажет.
Қосымша, салық режимдеріндегі өзгерістер мен цифрлық платформалардың дамуы белгіленген хабарлама беру тәртібін жоймайтынын ескеру қажет. Таңдалған салық режиміне қарамастан, тиісті хабарламаны жолдамай-ақ такси арқылы жолаушылар мен багаж тасымалдау қызметін жүзеге асыруға жол берілмейді.