KZ RU EN
Кіру немесе Тіркелу
6 ақпан 2026 ж.
«Жасыл дәліз»: инвесторларға мемлекеттік қызметтерге цифрлық форматта жедел қол жеткізу

«Жасыл дәліз» механизмі Қазақстанда инвестициялық жобаларға мемлекеттік қызметтерді жедел әрі басым тәртіппен көрсету мақсатында енгізілген. Аталған функционал «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде іске асырылған және инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылында қолданылады. Шешім 2025 жылғы 7 маусымда іске қосылды.

Бұл механизм инвестиция көлемін қоса алғанда, белгіленген талаптарға сәйкес келетін инвестициялық жобаларға қолданылады. Қолдану шарттарының толық тізбесі инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын ұйымдастыру ережелерінде көрсетілген.

«Жасыл дәліз» механизмі мемлекеттік органдар тарапынан өтінімдерді басым тәртіппен қарау арқылы мемлекеттік қызметтерді қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл «Е-лицензиялау» платформасында цифрлық форматта іске асырылған және инвестициялық ахуалды жақсарту мен инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясат аясында қолданылады.

Қазіргі уақытта «Е-лицензиялау» жүйесінде «Жасыл дәліз» механизмі 400-ден астам мемлекеттік қызметке қолданылады. Инвестициялық жобаға «Жасыл дәліз» қатысушысы мәртебесі берілгеннен кейін өтінімдер жеделдетілген әрі басым тәртіппен қаралады, бұл ретте инвестор үшін өтінім беру тәртібі өзгеріссіз қалады.

«Жасыл дәліз» тетігін енгізу – қолайлы әрі ыңғайлы инвестициялық ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Бұл жобаларды сүйемелдеуді бір арнаға тоғыстыруға және цифрлық мемлекеттік сервистерде «бір терезе» қағидатын орнықтыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда elicense.kz платформасы арқылы осы механизм аясында 4,7 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Айгерім Ерлан.

Мемлекеттік органдар үшін жүйеде арнайы визуалды белгі қарастырылған. Өтінімдер тізімінде өтініш берушінің сәйкестендіру кодының жанында «Жасыл дәліз» қатысушысы мәртебесін растайтын белгі көрсетіледі. Бұл мұндай өтінімдерді қарау кезінде оларды жедел айқындауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰЦИП) арқылы жүзеге асырылады. ҰЦИП-ті «Жасыл дәліз» функционалымен қатар қолдану инвестициялық жобаларды толық цифрлық форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бұл қолданыстағы мемлекеттік қызметтер аясында осындай жобалар бойынша өтінімдерді қараудың бірыңғай әрі болжамды тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Портал жаңалықтары
1 сәуір 2026 ж.
«Өрт сөндіру автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары» мемлекеттік қызметті автоматтандыру
26 ақпан 2026 ж.
«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдаятты бағалауды ескере отырып орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты және транзитіне рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызметін іске қосу
11 ақпан 2026 ж.
Такси тасымалдаушысы ретінде қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама енді жеке тұлғалар үшін міндетті
9 ақпан 2026 ж.
«Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін автоматтандыру
6 ақпан 2026 ж.
«Жасыл дәліз»: инвесторларға мемлекеттік қызметтерге цифрлық форматта жедел қол жеткізу
12 желтоқсан 2025 ж.
Мемлекеттік қызметті автоматтандыру ҚР ІІМ органдарының объектілерінде халықтың СЭС саласындағы жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің НҚА сәйкестігі туралы СЭҚ беру
28 қазан 2025 ж.
elicense.kz порталында рұқсат беру құжаттарының мерзімінің өтуі туралы SMS-хабарлама іске қосылды
30 қыркүйек 2025 ж.
Кірме жолдардың реттелетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылды
30 қыркүйек 2025 ж.
Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылды
26 қыркүйек 2025 ж.
Порталда «Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін алуға қатысты elicense.kz