Еlicense.kz порталында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары эпидемиологиялық маңызы бар объектінің нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі іске қосылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) – бұл объектінің, қызметінің, өнімінің немесе жобасының қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес келетінін, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне кепілдік беретінін растайтын ресми құжат.
СЭҚ ішкі істер органдарының объектілері орынжайларының санитарлық талаптарға сәйкес келетінін және қызметкерлер мен келушілер үшін қауіпсіз екенін растайды. Құжат Қазақстан Республикасы ІІМ қарамағындағы эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер үшін қажет.
Оларға полиция бөлімдері, учаскелік пункттер, оқу бөлімшелері, атыс және жаттығу кешендері, казармалар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс жасайтын басқа да орынжайлар жатады.
Қызметті іске қосу ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.