KZ RU EN
Кіру немесе Тіркелу
1 сәуір 2026 ж.
«Өрт сөндіру автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары» мемлекеттік қызметті автоматтандыру

Қазақстанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті беретін өрт сөндіру автоматикасы жүйелерін монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін міндетті рұқсат енгізілді.

Осыған байланысты elicense.kz порталында «Өрт сөндіру автоматикасы жүйелерін монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» автоматтандырылған мемлекеттік қызметі енгізілді.

Рұқсат құжатын алу үшін штатта электр қауіпсіздігі бойынша кемінде ІІІ рұқсат тобы бар кемінде үш маманның болуы, өрт қауіпсіздігі, автоматтандыру немесе электротехника саласындағы бейінді жоғары техникалық білімі (3 жылдан бастап өтілі) немесе техникалық және кәсіптік білімі (5 жылдан бастап өтілі), меншік құқығындағы меншікті/жалға алынған үй-жай мен өлшеу аспаптары болуы қажет.

Қызметті іске қосу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.

26 ақпан 2026 ж.
«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдаятты бағалауды ескере отырып орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты және транзитіне рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызметін іске қосу

Еуразиялық экономикалық одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және оның кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасындағы эпизоотиялық жағдаятты бағалауды ескере отырып, elicense.kz порталында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (ҚР АШМ) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесімен Қазақстан Республикасының «E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесінің» интеграциялық өзара іс-қимыл жасау жолымен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты және транзитіне ветеринариялық рұқсат құжатын беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске қосылды.

Рұқсат құжатын уәкілетті орган береді және мемлекеттік шекара арқылы жануарлардың және жануарлардан алынатын өнімдердің қозғалысын бақылауға арналған, мысалы:

-тірі ауылшаруашылық және үй жануарлары;

-асыл тұқымды материал (тұқым, эмбриондар);

-ет және ет өнімдері;

-сүт өнімдері;

-балық және балық өнімдері;

-ара шаруашылығы өнімдері;

-жем және жем қоспалары;

-жануарлардан алынатын шикізат;

-биологиялық және ветеринарлық препараттар.

Рұқсат беру құжатының болуы жануарлардың шыққан елде/өңірде қауіпті жұқпалы аурулары жоқ екенін растайды, орны ауыстырылатын объектілер ҚР Ветеринариялық талаптарына сәйкес келеді және оларды әкелу, әкету немесе транзит елдің эпизоотиялық салауаттылығына қауіп төндірмейді.

Көрсетілетін қызметті іске қосу ҚР АШМ, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.

11 ақпан 2026 ж.
Такси тасымалдаушысы ретінде қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама енді жеке тұлғалар үшін міндетті

Қазақстан Республикасында такси арқылы жолаушылар мен багаж тасымалдау қызметін бастау және тоқтату үшін міндетті хабарлама беру тәртібі енгізілген. Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына сәйкес, такси тасымалдаушысы қызметін бастамас бұрын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар уәкілетті мемлекеттік органға elicense.kz порталы арқылы хабарлама жолдауға міндетті.

Заңнама талаптарын өзектендіру аясында хабарлама беру тәртібі өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға да қолданылды. Осылайша, такси арқылы жолаушылар мен багаж тасымалдау қызметін жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар басқа кәсіпкерлік субъектілерімен тең дәрежеде қызметті бастау туралы хабарлама жолдауға міндетті.

Қызметті бастау туралы хабарлама интернет-платформалар мен мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істейтін тұлғаларды қоса алғанда жеңіл автокөлікпен жолаушылар мен багажды нақты тасымалдауды жүзеге асыратын барлық тұлғалармен берілуі тиіс. Бұл ретте тасымалдауды өз бетінше жүзеге асырмай, тек көлік құралын жалға беретін тұлғалар тасымалдаушы деп танылмайды және аталған талаптың қолданылу аясына кірмейді.

Такси тасымалдаушысы ретіндегі қызмет тоқтатылған жағдайда өтініш беруші қызметті тоқтату туралы хабарлама да жолдауға міндетті. Мұндай хабарламаны жолдау мемлекеттік тізілімнен мәліметтерді алып тастау және ықтимал құқықтық әрі әкімшілік салдардың алдын алу үшін қажет.

Қосымша, салық режимдеріндегі өзгерістер мен цифрлық платформалардың дамуы белгіленген хабарлама беру тәртібін жоймайтынын ескеру қажет. Таңдалған салық режиміне қарамастан, тиісті хабарламаны жолдамай-ақ такси арқылы жолаушылар мен багаж тасымалдау қызметін жүзеге асыруға жол берілмейді.

9 ақпан 2026 ж.
«Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін автоматтандыру

Еlicense.kz порталында«Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарынасәйкестігітуралы қорытынды беру» автоматтандырылған мемлекеттіккөрсетілетін қызметіенгізілді.

Аталған мемлекеттіккөрсетілетін қызмет объектілерді қабылдаужәнепайдалануға беру алдындаөрт қауіпсіздігі талаптарынасәйкестігі туралықорытындыны міндетті түрде алуды көздейді. Бұл талап адамдар жаппай жиналатынобъектілерге, сондай-ақ биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарға қолданылады.

Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды тиістісанаттағыпайдалануға берілген объектігежүргізілген өрт-техникалық тексерунәтижелері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтықбөлімшелерімен беріледі.

Аталған қызмет Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің,Қазақстан РеспубликасыЖасанды интеллект жәнецифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер комитетінің, сондай-ақ«Ұлттық ақпараттықтехнологиялар»акционерлік қоғамының бірлескенжұмысының нәтижесінде іскеқосылды.

6 ақпан 2026 ж.
«Жасыл дәліз»: инвесторларға мемлекеттік қызметтерге цифрлық форматта жедел қол жеткізу

«Жасыл дәліз» механизмі Қазақстанда инвестициялық жобаларға мемлекеттік қызметтерді жедел әрі басым тәртіппен көрсету мақсатында енгізілген. Аталған функционал «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде іске асырылған және инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылында қолданылады. Шешім 2025 жылғы 7 маусымда іске қосылды.

Бұл механизм инвестиция көлемін қоса алғанда, белгіленген талаптарға сәйкес келетін инвестициялық жобаларға қолданылады. Қолдану шарттарының толық тізбесі инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын ұйымдастыру ережелерінде көрсетілген.

«Жасыл дәліз» механизмі мемлекеттік органдар тарапынан өтінімдерді басым тәртіппен қарау арқылы мемлекеттік қызметтерді қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл «Е-лицензиялау» платформасында цифрлық форматта іске асырылған және инвестициялық ахуалды жақсарту мен инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясат аясында қолданылады.

Қазіргі уақытта «Е-лицензиялау» жүйесінде «Жасыл дәліз» механизмі 400-ден астам мемлекеттік қызметке қолданылады. Инвестициялық жобаға «Жасыл дәліз» қатысушысы мәртебесі берілгеннен кейін өтінімдер жеделдетілген әрі басым тәртіппен қаралады, бұл ретте инвестор үшін өтінім беру тәртібі өзгеріссіз қалады.

«Жасыл дәліз» тетігін енгізу – қолайлы әрі ыңғайлы инвестициялық ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Бұл жобаларды сүйемелдеуді бір арнаға тоғыстыруға және цифрлық мемлекеттік сервистерде «бір терезе» қағидатын орнықтыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда elicense.kz платформасы арқылы осы механизм аясында 4,7 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді», – деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Айгерім Ерлан.

Мемлекеттік органдар үшін жүйеде арнайы визуалды белгі қарастырылған. Өтінімдер тізімінде өтініш берушінің сәйкестендіру кодының жанында «Жасыл дәліз» қатысушысы мәртебесін растайтын белгі көрсетіледі. Бұл мұндай өтінімдерді қарау кезінде оларды жедел айқындауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰЦИП) арқылы жүзеге асырылады. ҰЦИП-ті «Жасыл дәліз» функционалымен қатар қолдану инвестициялық жобаларды толық цифрлық форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бұл қолданыстағы мемлекеттік қызметтер аясында осындай жобалар бойынша өтінімдерді қараудың бірыңғай әрі болжамды тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді.


12 желтоқсан 2025 ж.
Мемлекеттік қызметті автоматтандыру ҚР ІІМ органдарының объектілерінде халықтың СЭС саласындағы жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің НҚА сәйкестігі туралы СЭҚ беру

Еlicense.kz порталында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары эпидемиологиялық маңызы бар объектінің нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі іске қосылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) – бұл объектінің, қызметінің, өнімінің немесе жобасының қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес келетінін, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне кепілдік беретінін растайтын ресми құжат.

СЭҚ ішкі істер органдарының объектілері орынжайларының санитарлық талаптарға сәйкес келетінін және қызметкерлер мен келушілер үшін қауіпсіз екенін растайды. Құжат Қазақстан Республикасы ІІМ қарамағындағы эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілер үшін қажет.

Оларға полиция бөлімдері, учаскелік пункттер, оқу бөлімшелері, атыс және жаттығу кешендері, казармалар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс жасайтын басқа да орынжайлар жатады.

Қызметті іске қосу ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.

28 қазан 2025 ж.
elicense.kz порталында рұқсат беру құжаттарының мерзімінің өтуі туралы SMS-хабарлама іске қосылды

elicense.kz портал пайдаланушыларына рұқсаттарыңыздың өзектілігін бақылау одан да ыңғайлы болды. Енді Жүйе құжаттарды ұзарту қажеттілігін еске сала отырып, құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын автоматты түрде SMS-хабарламалар жіберіп отырады.

Пайдаланушылар жаңа функционалдылықтың арқасында алдын-ала шаралар қолдана алады және мүмкін болатын кідірістерді немесе тоқтата тұруды болдырмайды. Бұл қарапайым, бірақ маңызды жаңалық мемлекеттік қызметтермен жұмысты барынша ыңғайлы және сенімді етуге бағытталған.

Сонымен қатар жаңа функция электрондық сервистердің тиімділігін арттыруға және порталдағы пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға ықпал етеді. Уақтылы еске салулар бизнес пен азаматтарға өз қызметін тәуекелсіз және құжаттардың өзектілігін толық сенімділікпен жүргізуге көмектеседі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылды жеңілдететін, ыңғайлы және заманауи ететін цифрлық шешімдерді дәйекті түрде енгізуді жалғастыруда.

30 қыркүйек 2025 ж.
Кірме жолдардың реттелетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылды

Еlicense.kz порталда кірме жолдардың реттеліп көрсетілген қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру жөніндегі мемлекеттік қызметті алуға болады.

Осы процесс реттелетін көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде кірме жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді ұсыну кезінде табиғи монополиялар субъектілері пайдаланатын мүлікпен мәмілелердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Көрсетілетін қызметті автоматтандыру маңызды инфрақұрылым нысандарын негізсіз иеліктен шығару немесе беру жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін реттелетін қызметтердің сапасын және қолжетімділігін сақтауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, кірме жолдар саласындағы реттелетін қызметтерді көрсетуге пайдаланылатын негізгі активтерді басқаруға мемлекет тарапынан бақылау жасалады. Бұл мүмкіндік береді:

  1. реттелетін қызметтердің тұрақтылығы мен қолжетімділігін сақтауға;
  2. инфрақұрылымды монополияландыру мен теріс пайдаланудың алдын алуға;
  3. тұтынушылар мен бизнестің мүдделерін қорғауға.

Осылайша, аталған қызмет елдің көлік-логистика инфрақұрылымын реттеуде және тұрақты дамытуда маңызды рөл атқарады.

Бұл жобаның іске қосылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.

30 қыркүйек 2025 ж.
Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылды

Еlicense.kz порталда шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға болады.

Қызмет шетелдік авиациялық оқу орталықтарында біліктілігін арттыруды жоспарлаған жеке және заңды тұлғаларға арналған.

Қызмет көрсету шеңберінде «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы шетелдік авиациялық оқу орталығын тексеріп, сертификатты тану туралы растауды береді.

Жаңа көрсетілетін қызмет ҚР Көлік министрлігінің, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

26 қыркүйек 2025 ж.
Порталда «Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін алуға қатысты elicense.kz

«Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін алу барысында кейбір пайдаланушыларда кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпаратты көрсету кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.

Анықтама алу үшін пайдаланушыларға «eOtinish» жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментіне немесе төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша жүгіну ұсынылады:

Мұратбек Ш. Sh.muratbek@economy.gov.kz +7 (7172) 74-34-04

Искалиева М. M.iskalieva@economy.gov.kz +7 (7172) 74-33-12

Камалова Н. N.kamalova@economy.gov.kz +7 (7172) 74-38-38

Жусупов Ж. Zh.zhusupov@economy.gov.kz +7 (7172) 74-37-54

31 шілде 2025 ж.
E-license порталында бақыланатын заттарды әкелу / әкету туралы есепті тапсырудың электрондық нысаны енгізілді

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларының 15-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 қаулысымен бекітілген прекурсорлар мен "Е-license" ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде "есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды нақты әкелу (әкету) туралы есеп" функционалы іске асырылғанын Сізге хабарлаймыз.

Заңды тұлға бақыланатын заттарды әкелуді (әкетуді) жүзеге асырғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетіне 5 жұмыс күні ішінде нақты әкелу (әкету) туралы есеп береді.

Бұрын бұл есеп комитеттің мекен-жайына сканерленген түрде берілген, қазір пайдаланушыларға құжаттарды сканерлеудің қажеті жоқ, есепті тапсырудың ыңғайлылығы үшін барлық қажетті мәліметтер толтырылатын мәліметтер нысаны әзірленді.

Бұл функционал Комитеттің Рұқсаттар мен лицензиялардың орындалуын бақылауды жүргізу үшін пысықталған және бақыланатын заттарды әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын рұқсат құжаттарының иелері үшін ғана қолжетімді.

Жаңа функционал ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің, сондай-ақ "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

22 шілде 2025 ж.
Техникалық байқау операторының қызметіне рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті автоматтандыру

elicense.kz порталында техникалық байқау операторының қызметімен айналысуға рұқсат беру құжатын беру бойынша мемлекеттік қызметті алуға болады.

Техникалық тексеру Қазақстан аумағында тіркелген және жол қозғалысына қатысатын барлық автокөлік құралдары үшін міндетті болып табылатыны өздеріңізге белгілі. Тіпті шетелдік механикалық көліктер мен тіркемелер жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін техникалық тексеруден өтуге міндетті.

Бұрын техникалық байқау қызметімен айналысуды жоспарлап отырған заңды тұлғаларға мұндай қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беру жеткілікті болатын. Енді осы қызметті заңды түрде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары беретін рұқсат құжатын алу қажет.

elicense.kz порталында осы қызметті автоматтандыру өтініш беру және рұқсат алу процесін жеңілдетеді, бұл оны ашық және жылдам етеді.

Жаңа қызмет ҚР Көлік министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

30 маусым 2025 ж.
Отандық шикізат тауарларының экспортына лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылды

Еlicense.kz порталда отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға болады.

Көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға арналған және ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда өз өндірісінің шикізат тауарларын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттауға мүмкіндік береді.

Лицензия алу бүкіл ел аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қолжетімді.

Жаңа көрсетілетін қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

27 маусым 2025 ж.
Қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаны енді elicense.kz порталынан алуға болады

elicense.kz порталда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама құжатын алу бойынша қызмет автоматтандырылды.

Қосымша білімге бос уақыт объектілері, дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мекемелері жатады, мысалы:

- балалар мен жастардың шығармашылық орталықтары;

- музыка, спорт және өнер мектептері;

- балалар мен жасөспірімдер орталықтары;

- аула клубтары;

- жас натуралистер станциялары;

- оқу-өндірістік комбинаттар мен мектептен тыс ұйымдар.

Осы хабарламаны алу үшін пайдаланушыға алдымен эпидемиологиялық маңызы шамалы объектінің қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама құжаты болуы қажет екенін айта кету керек.

Жаңа көрсетілетін қызмет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

18 маусым 2025 ж.
Жоғары білім берудің бірыңғай порталымен интеграциялау

elicense.kz порталының пайдаланушыларына ыңғайлы болу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары білім берудің бірыңғай порталымен интеграциялау (ЖБББП) қосымша функциясы іске асырылды.

Енді ЖОО-ның атауы, мамандығы және диплом берілген күні сияқты білімі туралы мәліметтер электрондық өтініште мәліметтер нысанын толтыру кезінде ЖБББП-дан автоматты түрде тартыла алады.

Бұл өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетеді және деректерді енгізу кезінде қателіктердің ықтималдығын азайтады.

Бұл функционал келесі қызметтер бойынша:

  1. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беруге;
  2. Медициналық қызметке лицензия беруге;
  3. Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беруге;
  4. Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беруге.
27 мамыр 2025 ж.
Еlicense.kz порталында экология бойынша рұқсат беру құжаттарын автоматты түрде қайта ресімдеу

Еlicense.kz порталында енді төмендегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде белсенді режимде рұқсат беру құжаттарын қайта ресімдеу мүмкіндігі қолжетімді:

«I санаттағы объектілер үші әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»

«II санаттағы объектілер үші әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру».

Егер сіздің тегіңіз, есіміңіз (ЖК) немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген болса, енді elicense.kz порталы арқылы рұқсат құжаттарын қайта ресімдеуге өтініш берудің қажеті жоқ, 1414-тен келген SMS-ті растау жеткілікті.

Расталғаннан кейін жүйе жеке кабинетте қолжетімді болатын I және II санаттағы объектілер үші әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттарды беру құжаттарын автоматты түрде қайта орындайды.

1 мамыр 2025 ж.
«Кемелердің командалық құрамының тұлғаларын дипломдау» қызметі бойынша электрондық шығыс құжаты

elicense.kz порталында кемелердің командалық құрамына диплом беру процесіне өзгерістер енгізілді.

Жаңартылған Ережеге сәйкес, жеке тұлғалар енді кәсіби дипломды немесе оның телнұсқасын электронды форматта ала алады.

Электрондық құжат автоматты түрде қалыптастырылады және eGov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасында, «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді. Бұл маңызды куәландырушы құжаттарға қол жеткізуді жеңілдетеді және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға ықпал етеді.

Бұрын дипломның телнұсқасын алу үшін жеке өтініш пен қағаз көшірме қажет болатын. Инновация өтініш берушілердің уақытын едәуір үнемдеуге және әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

28 наурыз 2025 ж.
Еlicense.kz порталында пестицидтерді тіркеу және тұқым өндіру бойынша рұқсат беру құжаттарын автоматты түрде қайта ресімдеу
Еlicense.kz порталында енді төмендегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде автоматты режимде рұқсат беру құжаттарын қайта ресімдеу мүмкіндігі қолжетімді: 
1. «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу» 
2. «Түпнұсқа, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау». 
Егер сіздің тегіңіз, есіміңіз (ЖК) немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген болса, енді elicense.kz порталы арқылы рұқсат құжаттарын қайта ресімдеуге өтініш берудің қажеті жоқ, 1414-тен келген SMS-ті растау жеткілікті. 
Расталғаннан кейін жүйе жеке кабинетте қолжетімді болатын пестицидтерді тіркеу және тұқым өндіру бойынша рұқсат беру құжаттарын автоматты түрде қайта орындайды.
27 ақпан 2025 ж.
elicense.kz порталы арқылы білім беру қызметіне лицензия алу
Бұған дейін «Білім беру қызметі» көрсетілетін қызметі мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің барлық деңгейлері үшін бірыңғай болған. Енді лицензиялау екі бөлек мемлекеттік көрсетілетін қызметке бөлінеді:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметі» - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін;
2. «Кәмелетке толмағандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, рухани білім беру, білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтері саласындағы білім беру қызметі» - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жататын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелері үшін. 
Бұл өтінім беру процесін жеңілдетеді және оны түсінікті етеді. 
Білім беру қызметіне лицензия – бұл ұйымның заң талаптарына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын ресми құжат. Бұл барлық білім беру мекемелері үшін қажет және оларды ресми тіркеу үшін талап етіледі.
31 қаңтар 2025 ж.
Құрылыс саласындағы жекелеген көрсетілетін қызметтер бойынша өтініш беру тәртібі өзгертілді
Пилоттық жоба аясында, Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің (2024 жылғы 17 қазандағы № 366 бұйрығы), Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (2024 жылғы 16 қазандағы № 654/НҚ бұйрығы) және Ұлттық экономика министрлігінің (2024 жылғы 21 қазандағы № 94 бұйрығы) бекітілген бұйрықтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қалаларының тұрғындары үшін (Байқоңыр қаласынан басқа) құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау және қайта жабдықтауды қоса алғанда) жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды ұсыну, сондай-ақ эскиздерді (эскиздік жобаларды) келісу gov.ggk.kz порталында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, облыстар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары көрсететін қызметтер elicense.kz порталында ұсыныла береді.
22 қаңтар 2025 ж.
ҚХР-на жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттардың электрондық шетелдік бланкісін алу қызметі elicense.kz порталында қолжетімді
Қытайлық рұқсат бланкілерін электрондық форматқа көшіру жобасын іске асыру шеңберінде жеке және заңды тұлғалар ҚХР "C" немесе ҚХР "D" рұқсаттарын онлайн ресімдей алады. Бұл адами факторды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоққа шығаруға мүмкіндік берді. Мысалы, көлеңкелі нарықта шетелдік рұқсат бланкісін (ШРБ) қайта сату алынып тасталады.
elicense.kz порталында жеке кабинетте бланк беру туралы хабарлама алғаннан кейін тасымалдаушыға көрсетілген ШРБ бойынша шығуға 30 күн беріледі. Бланкілерді қайтару енді кез-келген уақытта, мерзімге шектеусіз жасалуы мүмкін. Бұрын бланк алған кезде оны 100 күн ішінде қайтару керек болатын.
Өтініш берудің барлық рәсімі elicense.kz порталында электрондық форматта ЭЦҚ-ға қол қою арқылы қолжетімді, құжаттарды беру уақыты 30-45 минутқа дейін қысқартылған және ағымдағы жылғы 31 қаңтарға дейін (ШРБ алған күнге) қолданылады.
21 қаңтар 2025 ж.
Фармацевтикалық қызметін elicense.kz порталында алу қарапайым және ыңғайлы
Қазақстанда жеке және заңды тұлғалар фармацевтикалық қызметке лицензияны elicense.kz порталы арқылы ала алады. Өтінішті кез келген уақытта беруге болады, ал лицензияны ресімдеу процесі 15 жұмыс күнінен аспайды.
Фармацевтикалық қызметке лицензия – бұл ұйымға фармацевтика саласында қызмет жүргізуге құқық беретін міндетті құжат. Лицензия түрлі қызмет түрлерін қамтиды, мысалы, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату, сондай-ақ олардың өндірісі. Өтінім беруші лицензияны алу үшін elicense.kz порталында өтінімді рәсімдеп, қажетті нысандарды толтырып және біліктілік талаптарына сай екенін растауы керек. 
20 желтоқсан 2024 ж.
Құқықтық қызметпен айналысуға лицензияларды автоматты режимде қайта ресімдеу процесін оңтайландыру

www.elicense.kz мемлекеттік қызметтер порталында құқықтану саласында лицензияларды автоматты режимде қайта ресімдеу мүмкіндігі іске асырылды. Енді нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ сот-сараптама қызметінің мамандары өздерінің лицензиялары мен оларға қосымшаларды 5 минут ішінде қайта ресімдей алады. Бұрын бұл процесс үш жұмыс күнін алатын, оның ішінде өтініш беру, қажетті құжаттарды тіркеу және оларды тексеруді күту кіретін. Оңтайландырудың арқасында лицензияларды қайта рәсімдеу әлдеқайда жылдам әрі ыңғайлы болды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді және ыңғайлы болуына бар күшін салады. Лицензияларды қайта ресімдеуді оңтайландыру - бұл кәсіби мамандар үшін де, мемлекеттік органдар үшін де уақыт пен ресурстарды үнемдейтін үлкен қадам.

28 қазан 2024 ж.
Металл сынықтарын жинауға, сақтауға, өңдеуге және сатуға рұқсатты elicense.kz порталынан алуға болады
Elicense.kz порталында заңды тұлғалар үшін сынықтарды, сондай-ақ түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызмет автоматтандырылды. Рұқсат алу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлердің қызметі үшін қолжетімді. 
Рұқсат беру бойынша қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Кәсіпкер лицензияны өзінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдардан ала алады. 
Рұқсатты алу үшін: 
- elicense.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жер қойнауын пайдалану» бөлімін таңдау қажет; 
- «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» көрсетілетін қызметтер тізбесінен таңдау керек; 
- барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды жүктеп, мемлекеттік бажды төлеу қажет; 
- ЭЦҚ/QR көмегімен қызметке қол қою қажет. 
Мемлекеттік органның оң шешімі болған кезде дайын лицензия пайдаланушының elicense.kz порталындағы «Жеке кабинетінде» «Рұқсаттар» модулінде көрсетіледі. Өтініш бойынша бас тартылған жағдайда «Менің өтінішім» модулінде дәлелді бас тарту сақталады. 
Рұқсат беру үшін 10 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Төлем заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша салық органының атына кез келген екінші деңгейдегі банкте жүзеге асырылады. 
Жаңа қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.
12 қазан 2023 ж.
Жер учаскелеріне құқықтарды беру бойынша қызметке өтініш қабылдау жолы өзгерді
Құрметті пайдаланушылар! Қазақстан Республикасының Жер кодексіне 2023 жылғы 5 сәуірдегі енгізілген өзгерістерге байланысты Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскелеріне құқықтарды беру жаңа тәртіп бойынша жүргізіледі (https://egov.kz/cms/kk/services/land_relations/passcom06_ms).